Астанада «Күміс жас» бағ­дар­ламасы арқылы жыл са­йын 800-ге жуық жұмыссыз жүрген азамат еңбекпен қам­тылуда. Бұл туралы Аста­на қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» ди­ректоры Олжас Омар мәлім етті.
Егде адамдар да еңбек нарығында сұраныста
560
оқылды

«Астанада 50 жастан асқан жұмыссыз азамат­тарға арналған «Күміс жас» бағдарламасы бар. Кәсіби өсу орталығы жұмыс берушіге 50 жастан асқан адамды еңбекпен қамтығаны үшін 3 жыл бойы субсидия төлейді. Жалақы көлемі 110 760 теңге (30 АЕК), – деді Олжас Омар Астана қаласы­ның коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәсли­хатында.

Орталық басшысының ай­туын­ша, мемлекет жұмысшы жала­қысының 70%-ын субсидия­лайды.

«Бұл жүйе жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші үшін де тиімді. Одан басқа бізде қоғамдық жұ­мыс­тар бар. Ол жерде адамның жас ерекшелігі, мамандығы маңыз­­ды емес, бастысы жұмыс іс­теу­ге ниетті болуы. Тағы бір ма­ңызды бағыт – кадрларды даярлау және жұмыссыздарды кәсіптік оқыту. Ол бағытта бірінші жұмыс беруші­лердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында кадр даярланады, екінші бағыты жұмыс орнында жүзеге асады. Кә­сіби оқытудың артықшылығы 32 681 теңге көле­мінде шәкіртақы тө­ленеді»,  – дейді ол.