Талантты жас қаламгер әрі суретші Ильяс Юсуфжановтың «Керей мен Жәнібек» атты комиксі жарық көрді. Қазақ және орыс тілінде шыққан комикс Алматы қаласында таныстырылды.
«Керей мен Жәнібек» комиксі таныстырылды
1,061
оқылды

Комикс жанры елімізде кенже­леп қалған жанр екені мәлім. Сон­дықтан да Ильяс Юсуфжанов се­кілді жас таланттардың аталған салада еңбектеніп, қазақ мемле­кетіне қатысты тарихи деректерді жастарға мейлінше өтімді тәсілмен жеткізуі айрықша мәнге ие. Автор­дың айтуынша, бұл жанр тарихи оқиғаларды жеңіл есте сақтап, балалардың қызығушылығын ояту­ға септігін тигізеді. 

– Біз комиксті толығымен ұлт­тық музейдің антропологиясына сәйкес құрастырдық. Көптеген тарихшымен, филологпен кеңестік. Бұл бастаманың қайдан шыққанын да айта кетейін. Мен мектеп бітір­ген кезде біраз қиналдым. ҰБТ-тапсырған кезде Қазақстан тарихы­нан қажетті балл жинай алмадым. Көп деректі есте сақтай алмадым. Содан кейін тарихи оқиғаларды оңай есте сақтау үшін жазуға сурет қосу туралы ой келді. Бұл жұмысты ары қарай жалғастыратын бола­мын, – деді автор И. Юсуфжанов. 

Жас жазушы түрлі түсті сурет­термен бейнеленген кейіпкерлер арқылы тарихи деректерден хабар­дар етуді көздепті. Комикстің ал­ғаш­қы шығарылымы 80 беттен тұрады. Автор «100 отандық коми­кс» жобасы аясында қазақтың әр ханына арнап комикс шығаруды көздеп отыр. Комикс қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан. Кітапханаларға тегін таратылады.