Соңғы жылдары адамдардың түрлі жағдайда газ бен түтіннен улану оқиғасы жиіледі. Осындай жағдайға жол бермеу үшін Түркістан облысы Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары Ерсат Әнуар мен Әлғани Сералы газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан.
Өмірді құтқаратын өнертабыс
661
оқылды

Балалар бұл өнертабысын тә­жірибелі ұстаз, информатика пә­ні­нің мұғалімі, педагог-сарапшы Салтанат Ұятбаеваның жетек­шілігімен жасап шығыпты.

– Қазір – цифрлы технология заманы. Аталмыш технология мүмкіндіктерін адам игілігіне пай­далана отырып, газ бен түтіннен улану оқиғаларын болдырмау ке­рек. Осы мақсатта біз газдан, түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы жасадық. Балалар үйде жалғыз қалған жағдайда газ немесе түтін шықса, мұны құрылғымыз­дағы датчик сезіп, шиқылдаған дыбыс естіліп, сыртта жүрген ата-ананың мобильді телефонына қауіп­ті ескертетін SMS-хабарлама жолданады. Осылайша, қайғылы жағдайдың алдын алуға болады, – дейді Ерсат пен Әлғани.

Әлгіндей қауіптің алдын ала­тын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушы­лық танытқан. Олар «Бұл құрыл­ғы­ны газдың сыртқа кетуін анық­тауда, өрт сөндіру жүйелерінде, яғни адамдар қауіпсіздігін қам­тамасыз етуде пайдаланған тиімді» деген пікірде. 

Жас өнертапқыштардың «Газ бен түтіннен уланудан сақтандыра­тын құрылғы» жобасы оқушы­лардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде робототехника секциясы бойын­ша І орынды жеңіп алып, респуб­ликалық кезеңге жолдама беріл­ген.

Н. НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы