"Қазгидромет" синоптиктері 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жауын-шашын (негізінен қар) жауады.
Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша тұман түседі, көктайғақ, боранмен бірге жел күшейеді.