30 қаңтар күні таңғы уақытта Алматыда екі рет жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы сейсмикалық стансалар желісінен хабарлады.
Бірінші дүмпу сағат 03.03 кезінде болған.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Ал екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.
Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілген.