Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев қызметінен босатылды.
Арман Жүдебаев қызметінен босатылды
1,698
оқылды

Үкімет қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

2009-2011 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.

2011-2013 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.

2018-2023 жылдары – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының» ректоры.

2023 жылғы мамыр-шілде аралығы – Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.

2023 жылы – Мәдениет және спорт вице-министрі.

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.