Бұл додада Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғады. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллель могул бойынша бақ сынады. Біздің спортшылар 30 жолдама жеңіп алды. 2020 жылы Лозаннада өткен қысқы жасөспірімдер олимпиадасымен салыстырғанда алға жылжу байқалады. Өйткені төрт жыл бұрын біздің құрама төрт спорт түрі бойынша 26 атлетті жарысқа қосқан болатын.
19 қаңтарда басталған қысқы жасөспірімдер олимпиадасына әлемнің 50 мемлекетінен жеті спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынды.