Азия бокс конфедерация­сының (ASBC) баспасөз қызметі елімізде биыл өтетін турнирлер тізімін жариялады.
Бокстан әлем чемпионаты өтеді
897
оқылды

Биыл Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы әлем чем­пионаты өтеді. Турнир қыркүйек­тің аяғы мен қазан айының басы­на жоспарланған. 

Еліміздегі беделді турнир­лердің бірі – «Елорда кубогі» маусым айында ұйымдас­тыры­лады. Сондай-ақ 2024 жылы Саға­дат Нұрмағамбетов мемориалы, Вахитовский турнирі, Шоқыр Бөл­те­кұлы мемориалы, Абдалиев мен Ғалым Жарылғапов мемо­риал­­дары өз жеңімпаздарын анық­­тайды. 

Жастар арасында өтетін жа­рыстар қатарында Бекзат Саттар­ханов мемориалы, «Жетісу» кубо­гы, Әйтеновтер мемориалы, Сері­ков мемориалы, Сафин мемо­риалы мен Хайрутдиновті еске алуға арналған турнир бар.  Биыл­дан бастап Галиб Жафаров пен Ділдәбековтың жүлдесіне арнал­ған бокс додасы ұйымдас­тырыла­ды. Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін өтетін турнир де жас таланттарға мүмкіндік болмақ.