Енді Сауд Арабиясында қажыларды әуежайдан қонақүйлерге әуе такси қызметі жеткізетін болады. Бұл мүмкіндік үлкен қажылық кезінде жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтады.
Меккедегі әуе таксиі: Сауд Арабиясы қажыларға арналған жаңа қызметті іске қосады
Фото Welcome Saudi сайтынан алынды.
1,480
оқылды

Saudia Airlines компаниясы қажыларды әуежайдан Мекке қаласындағы қонақүйлерге жеткізетін электрлік әуе таксилерін іске қосу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруды көздеуде. Бұл туралы Welcome Saudi басылымы жариялады. Мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz Сауд Арабиялық компанияның әуе таксилерді қолдану жоспарымен толығырақ таныстырады.

Фото Welcome Saudi сайтынан алынды.

Saudia Airlines компаниясының бас директоры Ибрагим Коши неміс әуе таксиін шығаратын Lilium компаниясымен Сауд Арабиясының ішкі рейстерінде пайдалану үшін 100 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойғанын хабарлады.

Кошидің айтуынша, компания тұрақты даму қағидаттарын ұстанады. Ұшақтар 100% электрлік. Saudia Airlines Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы бұл ұшақтарды ішкі бағыттарда қолданатын алғашқы әуекомпаниясы болады.

Фото Welcome Saudi сайтынан алынды.

Фото Welcome Saudi сайтынан алынды.

Lilium Jet  тік ұшып-қонатын ұшақ. Оларға әуежайлар емес, жолаушыларды алып кету және түсіру үшін «жүк» порттары қажет болады. Бұл тиісті инфрақұрылымды қажет етеді.

Бұл жаңа ұшақ туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына видеоға өтіңіз:

Әуе таксиі 4-6 жолаушыны тасымалдай алады. Электр көлік болғандықтан, экологиялық таза көлік түрі болып саналады. Оның максималды жылдамдығы  250 км/сағ. Ол Сауд Арабиясының ірі әуежайлары арасында ұшып, қажылар үшін әуе такси қызметін атқарады.