Ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қар жауып, жел күшейеді: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы
517
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Жауын-шашын түсіп, қар жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі. Ел аумағында тұман, бұрқасын болады, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады», — делінген ведомство дерегінде.