Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әділханұлы Жүдебаев Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы лауазымдық қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық өнер академияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа басшыны академия ұжымына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы Ербол Әлиқұлов таныстырды.
Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.
Еңбек жолы:
2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі.
2009-2011 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.
2011-2013 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.
2013-2018 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.
2018-2023 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
23.05.2023 – 9.07.2023 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы.
10.07.2023 – 6.11.2023 ж.ж. – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.
07.11.2023 – 30.01.2024 ж.ж. – ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болды.