«AMANAT» партиясының Жол картасын орындау аясында Алматыда Мемлекеттік қуыршақ театрында соңғы 10 жылда алғаш рет жөндеу және жаңарту жұмыстары жүр­гізілді.
Қуыршақ театры қайта түледі
1,438
оқылды

Театр жыл сайын 80 мыңнан астам көрермен қабылдайды. Мұнда жөндеу және қалпына келтіру жұмысы бұған дейін 10 жыл бұрын жүргізілген екен. Осы уақыт ішінде қуыршақ театрының жабдықтары ескіріп, интерьері жаңартуды қажет етіп тұрған болатын. Осылайша, Мемлекеттік қуыршақ театры­ның сахна кеңістігі, көрермендер залы, грим бөлмелері, дайындық залдары, киім ауыстыратын бөлмелер толық жөнделді. Театрдың есіктері мен едені де, көрермендерге ыңғайлы болуы үшін жұмсақ орындықтары толық жаңар­тылған. 

Сонымен қоса, сапалы дауыс шығару құрыл­ғылары да жаңғыртылып, жарық беретін соңғы үлгідегі заманауи шамдар мен сахна жабдықтары сатып алынған. Қазір мекемеде жөндеуден кейінгі тазарту жұмыстары мен фойенің  дизайны жасалып жатыр. 

Қазір театрдың шығармашылық ұжымы көрер­мендерге бірнеше премьера дайындау үстінде. Олардың арасында Шарль Перро ертегісі негізінде «Етіктегі мысық», Гогольдің «Шинель» және Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша қойылымдары бар.

Берік БЕК