4 ақпан күні елордадан 45 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Астанада қар тазалау жұмыстарына 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды
505
оқылды

Астанада қардың көп мөлшерде жаууына байланысты қаладағы коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

«Түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 300-ге жуық жол жұмысшысы, 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

4 ақпан күні елордадан 45 мың текше метрден астам қар немесе 3 364 жүк рейсі шығарылды.

Қыс басталғаннан бері қаладан полигондарға 3 659 196 текше метр қар, 269 753 жүк рейсі шығарылды. Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигондары орналасқан. Полигондар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

«Қазгидромет» мәліметінше, 5 ақпанда Астанада қар жаумайды, күн бұлтты болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9 аяз, күндіз -1-3 градус болады.