8 ақпан күні қар полигондарына 42 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Астанада түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмысына 1,4 мыңнан аса техника жұмылдырылды
403
оқылды

Астанада кейінгі күндері қар мол жауып, ауа райы құбылып тұр. Соған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 ақпан күні қар полигондарына 42 мың текше метрден астам қар шығарылды.

8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні қала бойынша қар тазалау жұмысына 1,4 мыңнан аса арнайы техника мен 260-тан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

8 ақпан күні қаладан 3 125 ауыр жүк көлеміне тең 42 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 299 мың рейспен 4 млн текше метрден астам қар шығарылды.