Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы ҚР Жоғары сот кеңесінің хатшысын тағайындады
710
оқылды

Президент Жарлығымен Дәурен Мұратбеков ҚР Жоғары сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.