Шектеулерді алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды.
Қытай Қазақстаннан құс етін импорттауға қатысты шектеуді алып тастады
716
оқылды

2024 жылғы 7 ақпаннан бастап Қытай 2005 жылдан бері Қазақстаннан құс етін импорттауға тыйым салуды және екі жылдан бері аусыл ауруына байланысты қойылған шектеуді алып тастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстанға құс етін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бастап жалғасып келеді. Ал аусылға қатысты шектеулер 2022 жылы енгізілген болатын. 

"Шектеулерді алып тастау Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ, құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Аталған шектеулерді алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды. 2023 жылы Қытай тарапы Қазақстанда құс тұмауы мен аусыл бойынша қауіп-қатерге бағалау жүргізді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайға экспортқа бағытталған кәсіпорындардың тізілімін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Бұл шара қазақстандық агробизнес үшін Қытай нарығына өз өнімдерін экспорттауға жаңа мүмкіндіктер ашады.