Астана мектептеріндегі екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.
Астанада оқушылар онлайн оқиды
Фото: Астана қалалық Білім басқармасы
3,160
оқылды

«2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп хабарлады Білім басқармасы.

Айта кетейік, 9 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.