Тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тасжолы мен әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан.
Шымкентте 12,5 миллион қарызы бар жүргізуші әйел ұсталды
Шымкент ПД
6,022
оқылды

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алған, - деп жазды Aikyn.kz.

Полиция хабарлауынша, Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталған.

"Тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тасжолы мен әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан", - деп жазды Отырар арнасы.

Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертіліп, ал көлік айыптұраққа қойылды.