Қоюшы-режиссер Болат Ұзақовтың айтуынша, қойылым патриоттық сипатқа ие.
«Біз ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызды айтып қана қоймай, осыны сахна арқылы жас ұрпаққа жеткізгіміз келеді. Қазақ тарихы Жошы ұлысының құрылуынан басталуы керек. Қойылымда өткен жылдар даналығын арқау еткен қызықты сәттер көп», – дейді Б.Ұзақов.
Режиссер «Шыңғыс хан ордасы» және «Қазақ Ордасы» атты екі бөлімнен тұратын спектакль жайына кеңінен тоқталды. Актерлар спектакльдегі кейіпкерлер мен кейіпкер рөлін сомдауда қандай қиындықтарға тап болғаны туралы толығырақ айтып берді. Айта кетейік, «Жошы хан» тарихи драмасын қою кезінде сахнада 3D технологиялары қолданылған. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады.