Сарапшылар бірқатар өнімді тоңазытқышта сақтамауға кеңес береді.
Тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түліктер
Фото: pixabay.com

Жарамдылық мерзімін ұзарту үшін азық-түлікті тоңазытқышта сақтайтынымыз рас. Алайда мамандар азық-түліктің бәрін бірдей тоңазытқышта сақтауға болмайтынын айтады.

Белгілі болғандай, тоңазытқышта сақтау мерзімін ұзарта алмайтын өнімдер бар. Бұл тізімге нан, бал, қызанақ, банан, жержаңғақ, сарымсақ, картоп, пияз, зәйтүн майы және басқа да өнімдерді жатқызуға болады. 

Мамандар нанды пакетке орап, қараңғы жерге қоюға, ал балды қоймаға сақтауға кеңес береді. Өйткені оны тоңазытқышқа қойса, зиянды зат бөлінуі мүмкін. Картоп та дәмі, түсі өзгеріп, құрамындағы крахмал қантқа айналып, кері әсер етуі ықтимал. Қызанақ та шіріп, денсаулыққа қаупі артады.