Миллиондаған долларға бағаланатын мүліктің сатылу мақсаттары әртүрлі болатыны белгілі. Жақында businessinsider.com сайтында Флорида штатының жағалауында орналасқан жеке тұрғын үй кешені рекордтық бағаға сатылымға қойылғаны туралы хабарлама жарияланды. Aikyn.kz мүліктің бағасының осынша неге қымбат болғанын түсіндіреді.
Сатылатын 3 үй және жекеменшік яхта тұратын пирс. Фото Coldwell Banker Realty сайтынан алынды. Авторы: Dawn McKenna Group
Businessinsider.com тілшілері сатылымға қойылған жылжымайтын мүліктің иесі марқұм инвестициялық магнат Джон Донахью болғанын жазады.
Ол осы Мексика шығанағында орналасқан аумағы 1,7 гектар жерді 1985 жылы 1 миллион долларға сатып алған.
Бірнеше жылда осы жердің аумағын кеңейтіп 3,6 гектарға жеткізген. Енді Донахью отбасы керемет жағалау сызығында орналасқан осы жер мен ондағы үш үлкен үйді сатуға шығарған.
Донахью отбасының қара шаңырағы. Фото Coldwell Banker Realty сайтынан алынды. Авторы: Dawn McKenna Group
Флорида штатының Неаполь қалашығында орналасқан кешеннің бастапқы бағасы 295 миллион доллар деп белгіленген.
Бұл Құрама Штаттардың жылжымайтын мүлік нарығындағы ең қымбат үй болмақшы. Сатылымға тұтастай кешен қойылған, оған 3 үлкен үйден басқа 70 метрлік яхтаға арналған пирс те кіреді.
Неапольдегі Gordon Pointe түбегі. Фото Coldwell Banker Realty сайтынан алынды. Авторы: Dawn McKenna Group
Неапольдің қазіргі беделді Порт-Роял ауданындағы жылжымайтын мүлік алғашында қарапайым болған. Содан бері ол отбасымен бірге әр жерлерден жалпы аумағы 25 гектар болатын жер сатып алған.
Мексика шығанағынан үлкен үйдің көрінісі. Фото Coldwell Banker Realty сайтынан алынды. Авторы: Dawn McKenna Group
1955 жылы Донахью қазіргі уақытта 670 миллиард доллар активтерді басқаратын Federated Hermes инвестициялық компанияның негізін қалаған. Питтсбург тумасы мен оның әйелі Родора 1990 жылы Неапольге тұрақты көшкенге дейін Пенсильванияда тұрып келген.
Ерлі-зайыптылардың Флоридадағы мүлкі олардың 13 баласы, 84 немерелері және 175-тен астам шөбересі үшін отбасылық қара шаңыраққа айналған.
Донахью отбасы бұл мүлікті бөлшектемей, тұтастай кешен ретінде сатқысы келетіндерін айтқан. Адал еңбегімен өмір бойы жинаған дүние де, отбасын жақсы көретін аталарының мұрасы да керемет.
Донахью отбасының жекеменшік құмды жағажайы. Фото Coldwell Banker Realty сайтынан алынды. Авторы: Dawn McKenna Group
АҚШ-тағы ең қымбат үй сату бойынша қазіргі рекорд 2019 жылы тіркелді. Сол кезде хедж-қордың бас директоры Кен Гриффин Нью-Йорктің Орталық саябағымен шектесетін пәтерге 240 миллион доллар жұмсаған еді. Ең қымбат мүліктер тізіміне Coldwell Banker Realty компаниясынан Дон МакКенна, Коркоран Групптан Лейтон Кэндлер және Савиллс Рори МакМуллен кіреді.