Германияда Guadanini Foundation ІІ Штутгарт ха­лықаралық скрипкашылар байқауы өтті. Музыкалық беделді бәйгеде Қазақстан атынан скрипкашы Руслан Талас өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынға ие болды.
Қазақтың Паганиниі
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
606
оқылды

25 жастағы отандасымыз бірнеше ірі халықаралық музыкалық байқаудың лауреаты және дипломанты атанған. 2022 жылы ол WorldVision-да жеңіске жетті. Руслан Латын Америкасы мен АҚШ елдерінде танымал. Еуропада ол «қазақтың Паганиниі» деген лақап атқа ие. Өнер иесі Астанадағы ұлттық музыка академиясына 7 жасында қабылданған. Академиядағы оқуын бітірген соң Мәскеудегі Орталық музыка мектебінде білімін жалғастырды, ал 2021 жылдан бастап Лозан музыка академиясының (Швейцария) магистранты, аты аңызға айналған скрипкашы Джанин Янсен сыныбында оқиды.

ІІ Штутгарт байқауында Оңтүстік Корея скрипкашысы Анна Им І орын, америкалық Мэтью Хаккарайнен ІІІ орын алды.