Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығы­мен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Қарыз алушылардың құқығы қорғалады
435
оқылды

Депутаттарға кредит беру кезін­де тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылар­дың құқықтарын қорғау мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады.  Құжатты Парламент депутаттары Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның эко­номи­калық бағдары» атты Қазақ­стан халқына Жолдауын іске асыру мақсатымен әзір­леді.

Ұсынылып отырған нормалар азаматтардың шамадан тыс несиесін төмендетуге, қарыз алушылардың құқық­тарын қорғауды арттыруға, азаматтардың банкроттық рәсімге қол жеткізуін жеңіл­детуге, сондай-ақ кредит беру кезінде алаяқтық әрекеттерді аза­йтуға бағытталған. Атап айт­қанда, кредиттер бойынша 90 күннен артық мерзімі өткен жағдайда азаматтарға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салу ұсынылады. Бұ­дан басқа, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз тұрғын үйінен шығаруға тыйым салатын норма, сондай-ақ қарыз алушының банк шотында кредиттер бойынша берешекті өндіріп алу процесінде кемінде 2 күнкөріс мөлшерінде ақшаның сақта­луын қамтамасыз ететін түзе­ту­лер көзделген.

Депутаттар алдағы жалпы отырыста «Ғылым және тех­но­логиялық саясат туралы» заң жобасын бірінші оқылым­да ілеспе түзетулермен талқы­лайтын болады. Олар ғылыми қызметтің стратегиялық, кә­сіби және әлеуметтік мәселе­лерін шешуге бағытталған және ғылымның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін жақсартуға, ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арт­тыруға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тура­лы» Қазақстан Респуб­лика­сының кодексіне (Салық кодексі) ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Бұл заң жобасына Парламент депутаттары бас­тамашылық етті. Ол салықтық преференциялар беру арқылы ғылымның дамуын ынталан­дыруға бағытталған.