Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл құжат халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттік кірістің жоғалуын болдырмауды көздейді.
Сондай-ақ заң нормалары капиталды шығаруды бақылау тетіктерін күшейту үшін тараптардың өзара байланыстылығын анықтау жолдарын кеңейтеді.
Одан бөлек, бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.