«Қазгидромет» РМК өңдеген NASA спутниктерінің Жерді қашықтан зондтау суреттері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның 72% аумағында қар жатыр. Жауын-шашын мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдығы көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді», – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.
Осылайша, су тасқыны қаупі жоғары өңірлер ретінде Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары аталды.
Орташа қаупі бар өңірлер – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары болса, Маңғыстау облысында су тасқыны қаупі жоқ. Қазір қар жиналу процесі жалғасып жатыр.