Шетелдіктердің асқазанынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.
1 келі есірткі жұтып алып, Қазақстанға кірген шетелдіктер ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
478
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатын Қазақстан аумағына есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

21 ақпанда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері мен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен бірге есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттың барын көрсетті.

Арнайы медициналық процедура арқылы шетелдіктердің асқазанынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.

Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды.

Сот шешімімен шетелдіктер қамалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.