Былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.
Әйел зорлады деген күдікке ілінген бұрынғы полиция басшысы сотта есінен танып қалды
Фото: zhetysu.gov.kz
1,184
оқылды

Кабинетінде әйел зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде сотталушы Күштібаевты жедел жәрдем көлігімен алып кеткені туралы ақпаратты растады.

«Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге шегерілді», – делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.