Бүгін ауа райы қандай болады?
Тұман түсіп, жел күшейеді: 7 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: elements.envanto
2,701
оқылды

"Қазгидромет" 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Антициклон жотасы Қазақстанның батысы, шығысы мен орталығында өз әсерін сақтайды, осыған орай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ал елдің басқа территориясында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, оңтүстік-шығысында – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.

Ел аумағында  тұман, желдің күшеюі күтіледі.