Ораза – Алла мен адам арасындағы құпия құлшылық, Жаратушының разылығын алуды ниет етіп ұстайтын парыз амал.
Қасиетті Рамазан айы: Сәресі және ауызашар дұғасы
Фото: pexels.com
14,822
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына орай сәресі мен ауызашар кезінде айтылатын дұғаны жариялады. 

Сәресіде айтылатын дұға:

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашарда оқылатын дұға:

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».