Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.
3 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
Фото: egemen.kz
965
оқылды

3 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында – жалпы ұзындығы 189 км 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)

1. «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті-Қарабұтақ елді мекені (жүк және қоғамдық көлік үшін)

Қызылорда облысында – жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда-Павлодар» – Қызылорда қ. – Ұлытау обл. шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол (жаңбыр, көктайғақ)

1. «Қызылорда-Павлодар» – Қызылорда обл. шекарасы – Талап а. (автокөліктің барлық түрі үшін)

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.