Биыл аталмыш салтанатты шара 96-рет өтіп отыр.
«Оскар – 2024» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Фото: FEATUREFLASH PHOTO AGENCY | SHUTTERSTOCK
1,384
оқылды

Америкалық кино өнері академиясы «Оскар» сыйлығы иегерлерінің тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Биыл аталмыш салтанатты шара 96-рет өтіп отыр. Жеңімпаздар 23 номинация бойынша анықталды.

Ең негізгі номинациялар бойынша лауреаттар тізімі мынадай:

«Үздік фильм» – «Оппенгеймер»;

«Үздік актриса» – Эмма Стоун;

«Үздік актер» – Киллиан Мерфи («Оппенгеймер»);

«Үздік ән» – What Was I Made For? («Барби»);

«Үздік музыка» – «Оппенгеймер»;

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – кіші Роберт Дауни («Оппенгеймер»);

«Үздік шетелдік фильм» – «Зона интересов» (The Zone of Interest);

«Үздік бейімделген сценарий» – «Америкалық фантастика»; (American Fiction);

«Үздік түпнұсқа сценарий» – «Құлау анатомиясы» (Anatomie d'une chute);

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» – Давайн Джой Рэндольф («The Leftovers»);

«Үздік анимациялық фильм» – «Бала мен құс» (Кимитачи ва Доу Икиру ка).