Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Электр энергетикасы туралы заңды қарайды
693
оқылды

Талқылауға жаңартылатын энергия көз­дерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы және табиғи монополиялар мә­селелері туралы заң жобасын бірінші оқы­лымда қарау ұсынылады. Парламент де­путаттарының бастамасымен әзір­лен­ген заң жобасы энергетика саласын рет­теуге, оның ішінде жаңартылатын энер­гия көздерін пайдалану жөніндегі шағын ауқымды объектілерді дамытуға және осы са­лаға инвестициялар тарту үшін қолай­лы жағдайлар жасауға бағытталған. Осы­ған байланысты Кәсіпкерлік кодексіне, «Қа­зақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексіне және «Электр энер­гетикасы туралы», «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау ту­ра­лы» заңдарға түзетулер ұсынылады.

Бірінші оқылымда депутаттар Қыл­мыс­тық, Қылмыстық-процестік және Қыл­мыстық-атқару кодекстерін оңтай­лан­дыру мәселелері бойынша заң жоба­сы­н қарайтын болады. Құжат Мемлекет бас­шысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бір­тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жол­дауында Қыл­мыстық және Қылмыстық-процестік ко­декстерге мұқият саралау жүргізу туралы берген тапсырмасын орындау мақсатымен әзір­ленді. Заң жобасын қа­былдау аза­мат­тардың конституциялық құқықтарын қор­ғауды күшейтуге, қыл­мыстық сот ісін жүр­гізуге қатысушы­лар­дың өздерінің іс жүр­гізу құқықтары мен міндеттерін тиімді іске асыруын қам­тамасыз ету­ге, пени­тен­циарлық жүйеде адам құқық­тарының сақ­талуын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әкімшілік әділет са­ла­сын жетілдіру және қолдану аясын кеңейту мәселелері бойынша Үкіметтің тү­зетулері қаралады. Азаматтық-құқық­тық дау­лардың жекелеген санаттарын Аза­мат­тық іс жүргізу кодексінен әкім­ші­лік әді­лет деңгейіне ауыстыру туралы заң жо­­басы бірінші оқылымда талқыла­нады.

Мәжіліс Өзбекстан Үкіметімен эко­логия және қоршаған ортаны қорғау са­ласындағы ынтымақтастық туралы ке­лі­сімді ратификациялау туралы заң жо­басын жұмысқа алуды жоспарлап отыр.