Бүгін ауа райы қандай болады?
Жаңбыр, жел, көктайғақ: 12 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
498
оқылды

"Қазгидромет" 12 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ел аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Соған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

Күндіз Қазақстанның орталығында қатты жауын-шашын жауады, таңертең және күндіз оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша көктайғақ болады, тұман шөгіп, боран соғады, сонымен қатар жел күшейеді.