Бүгін ауа райы қандай болады?
Жауын-шашын, көктайғақ: 13 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: azattyq-ruhy.kz
1,029
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Соған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

Республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. 

Ел аумағы бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.