10 аула аумағы мен 6 көшеде су айдау жұмыстары жүргізілді.
Шымкентте 10 көшені су басты
Фото: Шымкент қалалық ТЖД
2,222
оқылды

Шымкент қаласында қатты жауын-шашын салдарынан 10 көшені су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Шымкент қаласында Қазығұрт шағын ауданында жаңбыр түрінде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты (33.7 мм-ге дейін) жеке бір тұрғын үйді, 15 аула аумағын және 4 аудандағы 10 көшені су басқан, – делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД жеке құрамынан 31 адам және 10-нан астам техника, 13 мотопомпа және ЖАО күштері жұмылдырылып 10 аула аумағы мен 6 көшеде су айдау жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 1620 текше метр су сорып алынған. Зардап шеккендер жоқ.