Бүгін ауа райы қандай болады?
Бұрқасын, жел, жауын-шашын: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: khabar.kz
644
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми ақпаратқа қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 

«Солтүстікте, шығыста, орталықта қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, оңтүстікте таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі», -  деп жазды синоптиктер.

Тек елдің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл болады.