Бүгін, 14 наурыз – Амал мерекесі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады
287
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Президент құттықтауын Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды Президент.