Ертең Атырауда үшінші рет Ұлттық құрылтай өтеді. Бүгін құрылтайдың алғашқы секциясында елдің көкейіндегі мәселелер талқыланып жатыр. Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Еділ Жаңбыршин еліміздегі лудомания мәселесін көтеріп, оған заң жүзінде тезірек тосқауыл қою керектігін айтты.
«Мықты азаматтарымыздың басы айналып, казиноның ішінде жүр. Онлайн казино интернетті ашсаңыз жарнамасы айқайлап тұр. Көшеде де қызылды-жасылды жарнамасы көп. Қарызға кірген азаматтардың бірі тіпті жақында өзін өртеп жіберді. Казинолардың жарнамасына заңмен тыйым салынуы керек», – деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.
Баян ЖАНҰЗАҚ