SpaceX компаниясы Starship кемесін сәтті ұшырды. Алғашқы екі сынақта жарылып кеткен зымыран бұл жолы мақсатына жетті.
Адамды Марсқа апаратын ең үлкен зымыран ұшырылды (видео)
Марсқа апаратын ең үлкен зымыран ұшырылды. Фото naked-science.ru сайтынан алынды. Авторлығы: SpaceX
2,370
оқылды

BBS News америкалық SpaceX компаниясының Starship зымыраны кеше өзіне тапсырылған міндеттерді толық орындап, конструкторларды қуантқанын жазды. Сол хабарламаға сүйенген Aikyn.kz бұл оқиғаның ғарышты игерудегі үлкен жетістік екенін түсіндіреді.АҚШ-тың SpaceX компаниясы жасаған екі сатылы ғарыштық кемесі өзінің алыс сапарларға дайындығын көрсетті. Техастағы ұшыру алаңынан сәтті ұшырылған кеме ғарышқа көтерілген соң қайтып Үнді мұхитына келіп қонған. Соңында кемемен радио байланысы үзілгенімен, компания өкілдері «осы жолы қаншалықты алға жылжығанымызды көру керемет» дейді.

SpaceX бас директоры Илон Маск те ұшу нәтижесіне риза болып, X (бұрынғы Twitter) парақшасында «Жұлдызды кеме адамзатты Марсқа апарады» деп жазды. Бұл зымыран мен кемені басты мақсаты да адамдарды Марсқа жеткізу екенін Маск мырза жиі айтады. 

Ұшырылымды тамашалауға жиналған адамдар. Фото BBS News сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters

Биіктігі 120 метрлік машина өткен жылдың сәуір және қараша айларында пайдалануға беріліп, сынақтары сәтсіз болған еді. Бұл жолы Маск өзінің SpaceX командасынан айтарлықтай жақсартуды күтті және ол оның тапсырмасы орындалған сияқты. Зымыран ұшыру алаңынан өзінің 33 қозғалтқышының зор гүрілімен көтерілді, содан кейін кеме ғарышқа көтерілудің барлық кезеңдерін сәтті атқарды.

Зымыран тасығыштың бірінші сатысының кемеден бөлінуі ұшу басталғаннан кейін есептелген уақытта екі минут 44 секундта дәл орын алды. 7 минуттан кейін кеменің бірінші сатысы Мексика шығанағында суға қондырылды. Алайда оның қону жылдамдығы тым жоғары болғандықтан, қазір Super Heavy деп аталатын бірінші сатының жағдайы тексерілуде. 

Ал бұл кезде негізгі кеме алға жылжып, Атлант мұхиты мен оңтүстік Африканы кесіп өтті. Кемеде орнатылған видео камералар 160 км биіктіктен Жердің керемет көріністерін тікелей эфирде көрсетті. Кеменің жылдамдығы 26 мың км/сағ дейін өсті. 

Фото naked-science.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Wikipedia

Біраз уақыттан кейін кемемен радио байланыс үзіліп, оның миссиясы қалай аяқталатыны белгісіз болды. Кейіннен кеме жоспарланған Үнді мұхитының аумағына құлағаны белгілі болды. Компания өкілдері сынақтардың барлық сатылары қалай орындалғанын әлі жариялаған жоқ. Дегенмен сынақтың ең бастысы нәтижесі – инженерлер қазір әлемдегі ең қуатты зымыранның дұрыс бағытта жасалып жатқанына көздерін жеткізді. Илон Маск биыл Starship кемесін тағы алты рет ұшырылатынын айтқан.

Инженерлер Starship-ті жетілдіре алса, бұл ғарышты зерттеудегі революция болатынын айтуда. Зымыран толығымен және бірнеше рет қайта пайдалануға арналған, Жерге қондырылған зымыранға жанармай құйып қайта ұшыруға болады. Бұл зымыран болашақта кәдімгі ұшақтар сияқты жұмыс істейді деп күтілуде.

Starship-тің жойқын қуаты бір мезетте жүз тоннадан астам жүкті орбитаға шығаруға мүмкіндік береді және ғарыштық миссиялардың құнын едәуір азайтатын болады.

Ғарыш кемелерін салыстыру. Фото BBS News сайтынан алынды

Илон Маск үшін Starship оның Starlink жобасын іске асыратын негізгі құрал болмақшы. Қазіргі уақытта Starlink спутниктерінің орбитадағы саны 5500-ден асады. Кең жолақты интернет-спутниктерінің жаһандық желісін құруды қолға алған Маск тағы бірнеше мың спутникті осы кемемен ғарышқа шығарғысы келеді. Сондай-ақ Starship Масктың арманын орындауға – адамдарды Марсқа қоныстандыру қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды тасуға көмектеседі.

Starship зымыраны мен кемесінің сынағын ең мұқият бақылаушылардың қатарында АҚШ-тың  ғарыш агенттігі NASA болды. Бұл кеме NASA-ның осы онжылдықта астронавтарды Айға жеткізу жөніндегі Артемис бағдарламасының негізгі бөлігі болып саналады.

Кеменің бірнеше нұсқасының макеттері. Фото naked-science.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Wikipedia

Starship экипажды Айға қондырып, содан кейін оларды қайтадан Жерге жеткізетін десанттық кеменің рөлін атқарады деп жоспарланған. Бұл үшін SpaceX қауіпсіз және сенімді ғарыш кемесін құрастыра алатынын дәлелдеуі керек. NASA мұны 2026 жылдың аяғында болады деп болжауда. 

NASA өкілі Билл Нельсон X X (бұрынғы Twitter) желісінде мынандай хабарлама қалдырды: «@SpaceX-ті сәтті сынақ ұшуымен құттықтаймыз! Жұлдызды кеме аспанға көтерілді. Біз бірге адамзатты Айға апару үшін Артемида арқылы үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз, содан кейін біз алға Марсқа барамыз».

Америка Құрама Штаттарында коммерциялық ғарыштық ұшуларға лицензия беретін Федералдық авиация әкімшілігі зымыран тасығыш пен кеменің ұшуларын тексере отырып, миссиядан кейін апатты тергеу жүргізілетінін дереу хабарлады. Бұл стандартты тәжірибе және SpaceX ненің дұрыс және ненің дұрыс емес екенін тексеруге жетекшілік етеді.