Парламент Сенатының депутаты Евгений Больгерт Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қатысуымен Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мектептерде қаржылық сауаттылық пәнін енгізуді ұсынды.
Қаржылық сауаттылық пәні енгізіле ме?
268
оқылды

Депутаттың мәліметінше, соң­ғы жылдары Қазақстандағы интернет алаяқтық қыл­мысы 10 есеге дейін өскен.

«Халықтың төменгі қаржылық сауаты әлі де аз. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, азаматтардың ба­сым бөлігі қаржылық сауат­ты­лық туралы ақпаратты әлеу­мет­тік же­лілерден алады. Ал кейбіреулері, тіпті бұл тақырыпта ізденбейді. Қа­зіргі уақытта біздің жастарымыз қарқынды цифрландыру, жасан­ды интеллект сынды атомдық жылдамдықпен даму дәуіріндегі қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Осындай мә­селелерге төтеп беретін заманауи мектептер керек», – деді депутат.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Атырау қаласы