«Қазгидромет» синоптиктері 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«ҚР басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі» — деп хабарлады «Қазгидромет».