Ақтөбеде 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан
Ақтөбеде өрт сөндірушілер өрттен 11 адамды құтқарды
Фото: Мария Матвиенко
329
оқылды

Ақтөбе қаласында өрт сөндірушілер 11 адамды, оның ішінде 2 баланы өрттен құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Қаладағы 12-шағын ауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабаттағы пәтерде жиһаз жанды. ТЖД күшімен жоғарғы қабаттардан баспалдақпен 11 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды, - делінген ведомство хабарламасында.

04:17-де өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы екені анықталды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 33 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.