Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Адам саудасына қатысты заң жобасын қарайды
476
оқылды

Депутаттардың талқылауына Мемлекет бас­шысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқық­тары саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленген «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» үкіметтік заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Осы заңға ілеспе заң жобалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, сондай-ақ «Жәбірлену­шілерге өтемақы қоры туралы» заңға түзетулер енгізілетін болады.  

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекс шең­берінде адам саудасының анықтамасы кеңей­тіліп, кәмелетке толмағандардың жыныстық қызмет­терін пайдалану қылмыстық жауапкер­шілікке тартылады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістермен меди­циналық ұйымдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары­ның жетім балалар мен ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балаларға жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабар­ламағаны үшін жауапкершілік көзделеді.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар әзірлеген кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы заң жобасы енгізіледі. Ол азаматтардың борыштық жүктемесін төмендету үшін жағдай жасауға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арт­тыруға бағытталған. Заң жобасын екінші оқы­лымға дайындау барысында Үкімет депу­таттардың түзетулерін қолдады.

Оның ішінде банктік қарыздар мен микро­кредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті көлемін айқындау, кәсіп­керлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаның банктік қарыз және микро­кредит шарттары бойынша құқықтарды коллек­торлық агенттікке (талаптарға) беруге 2026 жылға дейін мораторий енгізу, банк омбудс­манына тек банктік несиелер бойынша дауларды қарау жөніндегі өкілеттіктерді бекіту және микроқаржы омбудс­маны институтын енгізу.

Сонымен қатар Мәжілістің күн тәртібінде 1993 жылғы 14 қаңтардағы Азаматтық және қыл­мыс­тық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Қытаймен жасалған шартқа, сондай-ақ ден­саулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жо­басына Сенаттың түзетулеріне өзгерістер енгізіл­ген хаттаманы ратификациялау туралы заң жоба­лары бар.