Биыл мемлекеттік шекарадағы 9 өткізу бекетін жаңғыртуға 15,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Өткізу бекеттері жаңартылады
426
оқылды

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің мемлекеттік шекарасында 52 өткізу пункті бар. Оның ішінде:

– ЕАЭО-ның Қытай Халық Республикасымен (5), Өзбекстанмен (8) және Түрікменстанмен (1) сыртқы шекарасындағы 14 өткізу пункті.

– ЕАЭО-ның ішкі шекарасында, Ресей Феде­рациясымен (30) және Қырғыз Республикасымен (8) 38 өткізу пункті.

Жалпы, ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы өткізу пункттерін қайта құрумен Қаржы минис­трлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті айна­лысады.

Министрліктің атап өтуінше, транзиттік әлеуеттің ұлғаюына байланысты қолданыстағы өт­кізу пункттері адамдар мен көлік ағынын жыл­дам өткізе алмай отыр. Сондықтан пункттерде кептелістер орын алып жатады.

«Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік шека­раның барлық периметрі бойынша өткізу пунк­т­терін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы бірінші кезектегі 9 өткізу пунктін реконс­трукциялауға шамамен 15,4 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды орындау және құнын айқындау жөніндегі жобалау құжаттамасының әзірленіп, бекітілуіне қарай республикалық бюджеттен қажетті сома қарастырылатын болады», – деп хабарлады министрлік.