Премьер-Министр Олжас Бектенов «Шелл плс» кон­цер­нінің атқарушы вице-президенті Питер Костел­ломен кездесті. Үкіметтің бас­пасөз қызметінің хабар­лауынша, онда мұнай-газ са­ласындағы бірлескен жо­ба­лардың іске асырылу ба­рысы қаралды.
Қашаған мен Қарашығанақта зауыт салынады
701
оқылды

Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша мұнай мен конденсат өндіруді жылына кемінде 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру – басым міндеттердің бірі. Осы мақсатта тараптар шикі газды кері айдаудың қо­сымша компрессорларын уақы­тылы іске қосуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобаның толыққанды қызметін қамтама­сыз ету мақсатында акционер­лердің есебінен Қарашығанақ­тағы қуаты жылына 4 млрд тек­­ше метр газ өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда.

Қашаған кен орнының тұ­рақты жұмысына да ерекше на­зар аударылды. Былтыр мұ­най өндіру – 18,77 млн тонна, газ өндіру – 11,86 млрд м3, газды қабатқа кері айдау 5,83 млрд м3-ді құрады. Кен орнын толық игеру үшін Қашағанда газ өңдеу зауытын салу мәселесі пысықтау сатысында тұр.

Қазақстан Үкіметінің бас­шы­сы жобаларды іске асыру шеңберінде, оның ішінде ел аумағында жоқ өндірістерді оқшаулау арқылы қазақстандық қамтуды арттырудың басым­дығын атап өтті.

«Бүгінде жоба оператор­ларының жұмысындағы жергі­лікті қамту үлесі қолайлы дең­гей­­де, ал тауарларды сатып алу­­дағы жергілікті қамту үлесі әлі де өте төмен. Бұл өнім шы­ға­руға мүдделі жергілікті өн­діру­шілермен тығыз қарым-қаты­насты қажет етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Кездесу қорытындысы бо­йын­ша, қатысушылар ұзақ­мер­зім­ді ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады. Сон­дай-ақ талқылау нәтиже­сінде, жақын арада ішкі нарықта та­уар­­­ларды, жұмыстар мен қыз­мет­терді сатып алуды ұлғайту мақсатында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы қайта қара­латын болады.