Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
БҚО-да үш көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам зардап шекті
334
оқылды

Батыс Қазақстан облысында 3 автокөлік соқтығысып, салдарынан бес адам жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 19 наурыз күні Бөрлі ауданы аумағында болған.

Бөрлі-Ақсай жолында Пугачев ауылы тұсында «БМВ», «Лада Гранта» және «Шкода» автокөліктері соқтығысты.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем оқиға орнына сағат 08.45-те шақырылған.

«Сағат 09.50-де Бөрлі аудандық ауруханасына 5 адам жеткізілді. Соның ішінде 1993 жылғы келіншек жарақат алған. Жүктілігіне 28 апта болған. Жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Хирургия бөлімшесіне жатқызылған 1984 жылғы ер адамның жағдайы орташа ауыр. 1980 және 1989 жылғы ер адамдарға, 1989 жылғы әйелге амбулаторлық ем тағайындалды», – деп хабарлады ведомстводан.