Микротолқындардан ешқандай қауіп жоқ. Бірақ пластикпен оралған тағамдарды қыздыру зиянды. Соңғы зерттеулер осыны көрсеткен.
Микротолқынды пеште тағам жылыту қауіпті ме?
Фото ferra.ru сайтынан алынды
3,811
оқылды

Ондаған жылдар бұрын ас үйде қолданылып келетін қысқа толқынды пештердің қауіпсіздігі туралы BBC News көлемді материал жариялады. Тұрмыста өте ыңғайлы осы пештерді тамақ пісіруде, жылытуда қолдану қаншалықты қауіпсіз екенін Aikyn.kz британдық басылымға сілеме жасап талдайды.Фото smlider.ru сайтынан алынды

Микротолқынды пештер тамақ пісіре алмайтын немесе дайын тағамдарға әуес адамдардың құтқарушысы деп атайды. Кейбір кәсіби аспаздар бұндай пештерді аспаздық өнерді жарға итеретін құрылғы деп санайды. Бірақ негізгі пікірталас жалғыз сұрақтың төңірегінде жүреді: микротолқынды пеште тағам пісіру зиян ба?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дұрыс пайдаланған кезде микротолқынды сәулеленуге қатысты алаңдайтын ештеңе жоқ. Бірақ микротолқынды пеште пісірілген тағамның құндылығы төмендейді немесе пластикпен оралған тағам зиянды қоспаларды бойына сіңіріп, гормоналдық өзгерістерге алып келеді.

Фото BBC News сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images

Микротолқынды пеш тағамдағы қоректік заттарды жойып жібере ме?

Кейбір зерттеулер микротолқынды пеште көкөністер тағамдық құндылығын жоғалтатынын көрсеткен. 2023 жылғы зерттеулерде әртүрлі көкөністерді қайнату, бумен пісіру және микротолқынды пеште пісірудің әсерін салыстырған. Нәтижесінде микротолқынды пештің қоректік заттарды сақтауда ең тиімді екені анықталған. 

Бұдан шығатын қорытынды әртүрлі тағамның, көкөністің өзіндік қасиеттеріне байланысты оларды пісіру жолдары мен құрамындағы қоректік заттардың дәрумендердің сақталуы да әртүрлі болады. Мысалы, микротолқынды пеште өңделген брокколидің құрамындағы пайдалы флавоноидтардың 97%-ын жойып жіберетіні анықталған. 

Сондықтан микротолқынды пеште тағамдар мен көкөністер басқа әдістерге қарағанда қоректік заттарды көбірек сақтайды деген сұраққа нақты жауап жоқ. Мамандардың пікірінше, бұл әр тағамның құрылымы мен құрамындағы қоректік заттардың әртүрлі болуына байланысты.Фото BBC News сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images

Пластикпен оралған тағамды микротолқынды пеште пісіру, қыздыру қауіпті ме?

Біз микротолқынды пеште тағамды пластикалық ыдыстар мен қаптамаларда жиі пісіреміз, бірақ кейбір ғалымдар пластик қоспалар ыдырып дайындалған тағамға сіңіп одан ағзаға түсуі мүмкін екенін айтады.

«Кейбір пластмассалар микротолқынды пеште қолдануға жарамсыз, өйткені олардың құрамында полимерлер бар, олар төмен температурада балқиды және температура 100°C асатын болса, микротолқынды пеште ыдырайды», – дейді Вашингтон университетінің Тағамдық инженерия кафедрасының профессоры Джуминг Тан.

Ағзаға зиянды фталаттар пластмассаны жұмсақ ету үшін көп қолданылады, олар тағамды тасымалдайтын контейнерлерде, пластик қаптамада және су бөтелкелерінде кездеседі. Олар адамның гормондары мен метаболикалық жүйесіне қауіпті. Балаларда фталаттар қан қысымын және инсулинге төзімділікті арттыруы мүмкін, бұл қант диабеті және гипертония аурулардың қаупін арттырады.

Фталаттар сонымен қатар қалқанша безінің гормонын бұзушылар деп саналады, ал бұл гормондар жүктілік кезінде балалардың миының дамуы үшін өте маңызды.

Фото oum.ru сайтынан алынды 

Фталаттар барлық жерде, тіпті ойыншықтар мен дене лосьондарында да бар және олардың қаншалықты зиян келтіретіні әлі белгісіз. Бірақ көптеген сарапшылар құрамында фталаттары бар пластмассаларды жылыту олардың зиянын еселеп көбейтетініне сенімді. Сондықтан микротолқынды пештер фталаттардың қаупін бірнеше есе өсіріп жібереді.

Пластик ыдыста тағамды қыздырған кезде, қақпақ сияқты тағаммен жанаспайтын пластмассаның да зиянды екенін есте ұстаған жөн. Тағам жоғары температурада қызып буланған кезде қақпақтағы пластмасса да қызып, оның құрамындағы зиянды заттар ыдырайды. Олар осылайша тағамға тамып оның құрамына кіреді, тағаммен бірге ағзаға түседі. 

Бұндай тәуекелді азайтудың ең жақсы жолы – тағамды микротолқынды пеште қыздырғанда, дайындағанда керамикалық, шыны ыдыстарды пайдалану керек. Фото 1prof.by сайтынан алынды

Пластиктен аулақ болсаңыз да, микротолқынды пеште тағамды қыздырудың басқа да қауіптері бар, соның ішінде біркелкі емес қыздыру және жоғары температураны пайдалану.

Біріншіден, микротолқынды пеште шикі тағамдар біркелкі піспейді. Оның бір бөлігі тым ыстық болса, келесі бөлігі жылымауы да мүмкін. Тамақ толық піспей, шикі болады. Бірақ тағамды қыздыру да қауіпті екенін ескеру маңызды. Кез келген зиянды бактерияларды жою үшін тағамды 82°C дейін қыздыру керек. Тамақ суыған сайын бактериялар да көбейе беретіндіктен, тағамды бір реттен артық қыздырмау керек.

Микротолқынды пештерді тағамды пісіру үшін емес, қайта қыздыру үшін пайдаланған жөн, бірақ бір тағамды, әсіресе күрішті бірнеше рет қыздырмаған дұрыс. Ал күн сәулесінің астында өсірілген дақылдарды жесеңіз, оларды микротолқынды пеште жылытып жеу туралы уайымдаудың қажеті жоқ.

Микротолқынды пештің жоғары температурасы да қауіпті болуы мүмкін. Жалпы алғанда, жоғары температура проблема емес, бірақ кейбір зерттеулер крахмалы бар тағамдарды, соның ішінде дәнді дақылдар мен түбір көкөністерді микротолқынды пеште пісірудің зиянын көрсеткен зерттеулер бар.Радиациялық қауіпсіздік туралы не айтуға болады?

Микротолқындар мүлдем зиянсыз. Микротолқынды пештер шамдар мен радиостанциялар сияқты төмен жиілікті электромагниттік сәулеленуді пайдаланады. Тағамды микротолқынды пешке қойғанда, ол сол микротолқындарды сіңіреді, бұл тағамдағы су молекулаларының дірілдеп, тамақты қыздыратын үйкеліске әкеледі. Микротолқынды пештердің жұмыс принципі де осы қасиетке құралған: қыздыратын тағамның құрамындағы су молекулалары дірілдеп, бір-біріне үйкеліп тағамды қыздырады.

Микротолқындар – айналамызда қоршаған бізге күнделікті әсер ететін электромагниттік толқындардың бір түрі. Оларға адамға қауіпті емес.

Рентген сәулелерінен айырмашылығы, микротолқындар иондаушы сәулелерді пайдаланбайды, яғни олардың атомдардан электрондарды алып тастау үшін жеткілікті энергиясы жоқ. 

«ДНҚ-ны зақымдау үшін химиялық байланыстарды бұзу керек. Бұл радиацияның өлімге алдып келетін негізгі қаупі – ол жасушаларды мутациялайды және қатерлі ісік тудырады», – дейді Джорджтаун университетінің медициналық орталығының Радиациялық медицина кафедрасының доценті Тимоти Йоргенсен.

Микротолқынды сәулеленуге қатысты алаңдаушылық микротолқынды пешті ойлап тапқаннан кейінгі зерттеулердің нәтижесі бойынша шешілді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Натик армиясының ғылыми-зерттеу зертханасының ғалымдары микротолқынды пештердің қауіпсіздігіне қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, олардың ешқандай зияны жоқтығын дәлелдеген.

Қорыта айтар болсақ, микротолқынды пеште тағамды пісіргенде көптеген факторларды ескеру қажет. Микротолқындар ұзақ уақыт бойы қауіпсіз ас үй құрылғысы болып саналды, бірақ оны қолданғанда жоғарыда айтылған ескертулерді ұмытпаңыз. Ең бастысы тағамды пісіргенде оның біркелкі пісуін, қыздырғанда тағам оралған пластик қаптаманы алып тастауды есте ұстаңыз. Микротолқынды пеште шыны немесе керамикалық ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.