Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты басқа да маңызды нормалар қарастырылған.
Елімізде қарызы бар азаматтарға лотерея ойнауға тыйым салынбақ
Фото: pixabay
506
оқылды

ҚР Парламенті Мәжілісі ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасы Мемлекет басшысының құмар ойындарға шектеу қою тапсырмасының шеңберінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленгенін атап өтті.

Заңдардың негізгі новеллалары мынадай:

Біріншіден. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норманы қарастырып отыр. Сондай-ақ басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады.

Екіншіден. Борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылады.

Үшіншіден. Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылады. Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты басқа да маңызды нормалар қарастырылған.