Елордада «Арбамен ар­манға» кіта­бының тұ­сауы кесілді. Аталған туын­­дыда I топтағы мү­ге­дек Арнұр Ысқақовтың тағдыры баяндалады. Автор тағдыр тәлкегіне қарамастан, өмірдің барлық қиындығын жеңе білді.
«Арбамен арманға» кітабы таныстырылды
931
оқылды

Іс-шара барысында «AMANAT» партия­сының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек мұн­дай кітаптар ерекше қажеттілігі бар адам­дарға қолдау көрсету және әр отандасы­мызға қо­лайлы әлеуметтік орта қалыптас­тыру мәселесіне қоғам назарын аударатынын атап өтті.

Кітап авторы Арнұр Ыс­қа­қов аталған туындыны жазуға және басып шығаруға небәрі төрт ай уақыт кет­ке­нін, алайда бұл идея бұрын­нан көкейінде жүр­генін айтты.

«Суға батып бара жатқан қыздың жанай­қайын естіп, бірден құтқаруға ұмтылдым. Алайда өзенге секірген кез­де басымды ұрып, омырт­қам­ды сындырып алдым. Жан­­сақтау бөлімінде жат­қа­нымда әлгі қыздың суға батып бара жатпағанын, бұл әрекетті тек әзіл-қалжың үшін жасағанын білдім. Осы қайғылы оқиға өмірімді түбегейлі өзгертті. Тағды­рым­ның жаңа желісі оқыр­мандарды қызықтыра алады деп үміттенемін. Күш бере­тін, жігер жанитын кітапты қазақ тілін­де жазғым келді. Көп тақырып қозғалды. Оның ішінде рухани байлық пен тәрбие де бар», – деді ол.

Айта кетейік, ерекше қажеттілігі бар адамдарды қол­дау – «AMANAT» пар­тия­сы атқарып жатқан жұ­мыстың негізгі басымды­ғының бірі. Мәселен, пар­тияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарла­масын жүзеге асыру аясында был­тыр меди­циналық мекеме­лердің электронды құжаты негізінде мүгедектікті бел­гілеу процесі заңнамалық түрде бекітілді. Сонымен қатар дамуында кемістігі бар және оның пайда болу қаупі бар жас балаларға ар­налған 8 ерте араласу орта­лығы, мектептерде инклю­зияны қолдаудың 61 каби­неті ашылды.