Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқанд бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды.
Түркістан-Самарқанд бағытында әуе рейсі ашылды
1,920
оқылды

Qazaq air әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кazinform жазғандай, рейстер заманауи, жайлы  De-Havilland Dash 8-Q400  әуе лайнерлерімен аптасына 2 рет, жұма және жексенбі күндері орындалады. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат  20.20-да, ал Самарқандтан сағат 21.20-да ұшады.

«Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», – делінген Түркістан өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта.